Мемлекет басшысының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі Жарлығымен Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.
Оның азаматтық қорғау органдарындағы кәсіби жолы 2002 жылдың тамыз айында басталды. Ведомстволық Академияның курсантынан бастап ТЖМ аппаратының басшысына дейінгі өнегелі қызметтен өтіп, Мұрат Сейтмолдаұлы бай басқарушылық тәжірибе жинақтады. Көпжылдық мінсіз қызметі барысында ол ведомствоның негізгі бөлімшелері мен құрылымдарын табысты басқарды, сондай-ақ ТЖД бастығының орынбасары және облыстық ТЖД басшысы лауазымдарын атқарды.
Жоғары кәсібилігі мен азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан айтарлықтай үлесі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» ордені мемлекеттік наградасымен марапатталған.