2026 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасының №340 Заңы қабылданды, ол арқылы ҚР Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Түзетулер экологиялық реттеудің тиімділігін арттыруға, инвестициялық қызметті қолдауға және мемлекеттік экологиялық бақылауды күшейтуге бағытталған.

Не өзгереді? Барлық экологиялық талаптарды сақтай отырып, әкімшілік процестерді оңтайландыру арқасында инвестициялық жобалар үшін экологиялық процедуралардан өту мерзімдері қысқартылады.

Экологиялық кодексті қолданудағы құқықтық олқылықтар жойылады. Қоршаған ортаға теріс әсер етудің басталу сәті заңнамалық түрде бекітілді, бұл нормалардың бірқалыпты қолданылуын, экологиялық залалдың ашық есептелуін қамтамасыз етеді және мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттырады.

Мемлекеттік экологиялық бақылау жетілдірілуде: цифрландыру кеңейтілуде, экологиялық инспектор мен табиғат пайдаланушы арасындағы тікелей байланыс барынша азайтылады, бақылау процедураларының ашықтығы мен объективтілігі артады.

Объектілерді санаттарға бөлу жүйесі жаңартылуда. Бұл бақылауды экологиялық тәуекелі жоғары кәсіпорындарға шоғырландыруға және сонымен бірге қоршаған ортаға ең аз әсер ететін объектілерге әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.