«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасын жүзеге асыру аясында Ұлытау облысында заңсыз қоқыс орындарын анықтау және жою жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.
Ұлытау облысы Экология департаментінің мамандары Жезқазған қаласының аумағында жүргізген кезекті рейдтік шара барысында тұрмыстық және құрылыс қалдықтары заңсыз тасталған 20 орын анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша Жезқазған қаласының әкімдігіне оларды жою бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы тиісті хат жіберілді.
Бүгінгі таңда анықталған 20 қоқыс орнының 16-сы жойылды (80%), жиналған қалдықтар арнайы полигонға шығарылды. Қалған нысандарды жою жұмыстары жалғасуда және Экология департаментінің бақылауында.
Жалпы 2026 жылдың басынан бері Ұлытау облысының аумағында 99 заңсыз қоқыс орны анықталып, оның 93-і жойылды, бұл жалпы санның 93%-ын құрайды.
Заңсыз қоқыс орындарын анықтау және жою бойынша жүйелі жұмыс елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, қолайлы қоршаған ортаны сақтауға және халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етеді. Қоршаған ортаның тазалығы әрбір адамның жауапкершілігінен басталады. Қалдықтармен жұмыс істеудің қарапайым ережелерін сақтау — әрбір тұрғынның табиғатты сақтауға және туған өлкесін көркейтуге қосқан үлесі.
