Ертіс өңірінің жүздеген шақырымға созылып жатқан таспалы қарағайлы ормандары — Қазақстанның ең бірегей табиғи құбылыстарының бірі. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты дәл осы жерде орналасқан.
Экология минЭкология және аумақтарgov.kz
Ертіс өңірінің жүздеген шақырымға созылып жатқан таспалы қарағайлы ормандары — Қазақстанның ең бірегей табиғи құбылыстарының бірі. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты дәл осы жерде орналасқан.
2003 жылы құрылған резерват 657 мың гектардан астам аумақты алып жатыр. Мұнда сирек кездесетін өсімдіктер өседі және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мекендейді. Бұл ормандар өзінің сұлулығымен сүйсіндіріп қана қоймай, климатты, топырақты және су ресурстарын сақтауда өте маңызды рөл атқарады.
«Семей орманы» — болашақ ұрпақтар үшін бірегей табиғи кешендер, биологиялық әртүрлілік және Қазақстанның баға жетпес табиғи мұрасы сақталатын аумақ.