29 тамызда Қазақстан өңірлерінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы шеңберінде ұйымдастырылған «Таза жағалаулар» экологиялық акциясы өтті.

Ис-шараның негізгі мақсаты — өзендер мен су қоймаларының жағалауларын тазалау, табиғи аумақтарды сақтау және халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыру.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, акцияға 36 мыңға жуық адам қатысты. Тазалық жұмыстарына мемлекеттік органдардың өкілдері, студенттер, еріктілер мен өңір тұрғындары қосылды.

Іс-шара барысында 1,5 мың тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.

Акция қорытындысы бойынша:

663 га жағалау аумағы тазартылды; 810,7 тонна тұрмыстық қалдық қайта өңдеуге жіберілді; елдің түрлі өңірлеріндегі өзендер мен су қоймаларының жағалау сызықтарын тазалау жүргізілді.

Қазақстан үшін мұндай бастамалардың экология тұрғысынан ғана емес, маңызы зор. Таза әрі сақталған табиғи аумақтар ішкі және экологиялық туризмді дамытудың маңызды бөлігі болып табылады.

Демалыс орындарына, су қоймаларына және туристік маршруттарға жауапкершілікпен қарау табиғи объектілерді сақтауға және Қазақстан бойынша саяхаттарды жайлы әрі қауіпсіз етуге көмектеседі.

«Таза жағалаулар» акциясы «Таза Қазақстан» бастамасының жүйелі жұмысы аясында өткізілуде. Министрлік мұндай іс-шаралар елдің басқа өңірлерінде де жалғасатынын хабарлайды.